Қaзaқстaн Прeзидeнті Нұрсұлтaн Нaзaрбaeв eліміздe шaғын нeсиeлeу aуқымын кeңeйту үшін қoсымшa 20 миллиард теңге бөлуді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Астанада өтіп жатқан Қазақстан Парламенті палаталарының біріккен отырысында мәлімдеді.
«Әр жанұяға, әсіресе әйел адамдардың қолына беретін болса, биылғы берген несие ендігі жылы қайтып келіп отырады. Мыңдаған адам жұмыс алады. Қазір «Атамекен» жақсы жұмыс істеп жатыр. Үйретті, қалай істеу керек екенін, қалай бастау керек екенін, кімге барып, қай жерден несие алу керек екенін көрсетіп жатыр. Енді бастау үшін қолдарына біраз қаражат керек. Осыған байланысты шағын несие беретін болсақ, өзін-өзі қамтамасыз етіп жүргендер жұмыс алады. Бұл мәселені ары қарай дамыту керек деп есептеймін», — деді Назарбаев.
Осылай деген Елбасы 2018 жылы қосымша 20 миллиард теңге бөлуді тапсырды.
«Осылайша шағын несиелеудің жалпы сомасы 602 миллиардқа жеткіземіз. Әсіресе ауыл-аймақтарда. Адамдардың өз бизнесін құруға мүмкіндігі пайда болады. Сонда шағн несие ауқымы 14 мың адамға жетеді. Яғни 2017 жылдың көрсеткішін осылайша екі есе өсіреміз. 14 мың адам дегеніміз — 14 мың бизнес. Онда 3-5, тіпті 10 адам жұмыс істеуі мүмкін, тіпті 50 адам», — деді Мемлекет басшысы.